
Бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» «Азаматтық қорғаныс күніне» орай салтанатты іс-шара өткізілді. «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні» айлығы аясында өңірде атқарылған іс-шаралар қорытындыланды. Оған өңірдегі азаматтық қорғау органдарының өкілдері, сала ардагерлері, еріктілер, басқа салалардың да қызметкерлері қатысты. Алдымен «Азаматтық қорғаныс күні» туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен бірге өңірдегі Азаматтық қорғаныс саласын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар және департамент тарапынан өткізілген спорттық-салауаттылық іс-шараларына белсене қатысқан ТЖД спортшылары марапатталды. Алғыс хат пен дипломдарды Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев табыстады. Салтанатты іс-шарадан соң арнайы дайындалған концерттік бағдарлама тамашаланды.
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/965388?lang=kk

Жауап қалдыру