
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 26-27 наурызында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелермен бөлісу.
Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында Өскемен қаласының, Зайсан, Үлкен-Нарын, Глубокое, Катон-қарағай аудандарының мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964876?lang=kk

Жауап қалдыру