
2025 жылдың 28 наурыз күні білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінің сапасын арттыруды ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар барысында Шарбақты ОМ, А.Баймұлдин ат.ОМ, Жамбыл ОМ, Ямышев ОМ педагогтары оқу сауаттылығы бойынша оқушыларды дайындау тәжірибелерімен, тиімді әдіс-тәсілдер, платформаларымен бөлісіп, талқылау жүргізді.
Семинар барысында педагогтерге пәндік құзыреттіліктерге бағытталған кеңестер мен ұсыныстар беріліп, кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізудегі бақылау тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/965729?lang=kk

Жауап қалдыру