Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы бірқатар мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын бастады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жиынды тұрақты комиссия төрағасы Т.Манкеев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:
✔️Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтері туралы.
✔️Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістердің орындалуы туралы.
✔️Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы туралы.
Қаралып отырған мәселелерге қатысты комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Зерделеу қорытындысы бойынша:
Бірінші және екінші мәселелер алдағы өтетін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісінде, ал, үшінші мәселе сессиясының күн тәртібінде қаралатын болады.
 
©️Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/965314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді