Бүгін қалалық мәслихат депутаттарының Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И.С. Теренченкомен нәтижелі кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қалалық мәслихат депутаттарының Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И.С. Теренченкомен нәтижелі кездесуі өтті. Кездесу барысында өзекті проблемалық мәселелер айтылды, сондай-ақ Екібастұз өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша алдағы жоспарлар белгіленді. Қалалық мәслихат төрағасы Н.К. Макраев оң өзгерістерге қол жеткізу және стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін қала мен облыс деңгейінде бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Бірлескен күш-жігермен өңірдің негізгі мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар бастамалар ұсынылды. Бұл ұсыныстар әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды және дамытуды, әлеуметтік нысандарды салуды қоса алғанда, заңнамалық деңгейде  білім беру бағдарламаларын,  сонын ішінде өңірде медициналық кадрлардың жетіспеу мәселесін, шешуді, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалық өзгерістерді, экология және т.б. қамтиды. Кездесуге қатысушылар өңірде тұрақты дамуға және өмір сүру сапасын арттыруға қол жеткізу үшін осы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/965226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді