Бүгін Қаратөбе аудан орталығынан «Әлібек 2» жеке бебекжайы ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қаратөбе аудан орталығынан «Әлібек 2» жеке бебекжайы ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылды.

Бала тәрбиелейтін орынның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев арнайы қатысты. Мерейлі сәтте сөз алған аудан басшысы тәрбие ошағының табалдырығын аттаған өскелең өрендерге жарқын болашақ тілеп, ауыл тұрғындарын ортақ қуанышпен құттықтады.

– Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Балаларға сапалы білім беріп, қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Осы мақсатта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы орайда ауданымызда 2021 жылдың қараша айында 125 орындық «Әлібек» жеке балабақшасы ашылса, бүгінгі таңда 100 орындық «Әлібек2» жеке бөбекжайы ашылғалы тұр. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу керсеткішін ұлғайтып, балалардың балабақшаға кезекке тұру санын азайтуда.

Ауданымызда қазіргі танда 23 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Балабақшалардағы бала саны 770 бала болса, мектептегі мектепалды сыныптарда 285 бала бар. Ауданымызда 1-3 жас аралығында 111

бала кезекте тұр. Жеке бөбекжайдың ашылуы 1-6 жастағы балалардың

қамтылу көрсеткішін 95% ұлғайтады.

Осы істе жеке кәсіпкердің белсенділігі қуантады. Заманауи үлгіде жаңа балабақшаны ашуда бастамашыл болған азамат Айбар Бралиевке алғысымды білдіремін, – деді.

Сонымен қатар, ардагер ұстаз Звайра Жақсығалиқызы жиналған көпшілікті қуанышты жаңалықпен құттықтап, ғимараттың ашылуына қолдау білдіріп, септігін тигізген азаматтарға ақ батасын арнады.

Бөбекжайдың лента қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы және Звайра Жақсығалиқызы жүргізіп, аудан басшысы бөбекжайды толықтай аралап шықты.

Қазіргі заманға сай қалыпқа келтірілген мекемеде балғындар үшін мектепке дейінгі сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуға мүмкіндік мол. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балалардың алаңсыз ойнап, жан-жақты болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың игілігі үшін әзірге төрт топ жұмыс істейді. Есігін елге айқара ашқан бөбекжайдың арқасында жергілікті 8 адам еңбекке тартылып, 50 балғын тәрбиеленуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/966668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді