
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Шалқар станциясының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімімен Жем станциясы теміржол перронында орналасқан «Баубек» ЖШС қарасты №2, №4 дүкенінің қызметкерлері мен келушілер арасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» ұранымен акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Акция барысында туберкулездің алдын алу шаралары, оның жұғу жолдары, белгілері және уақытылы медициналық тексерістен өтудің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту бойынша түсіндірулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/964515?lang=kk

Жауап қалдыру