Ел болашағын айқындайтын шешімдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінде Шәкәрім жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен Ұлттық Құрылтайдың ақпараттық қамтамасыз етілуіне арналған «Ел болашағын айқындайтын шешімдер» атты пікір алмасу ұйымдастырылды.

Шара басында кітапхана қызметкері Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайдың отырысы жайлы баяндап, онда негізгі тақырыптар: ғылымды дамыту, білім беру және цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу жайлы талқыланғанын айтты.

Әрі қарай сөз кезегі «Шәкәрім университеті» КеАҚ-ның педагогика ғылымдарының кандидаты, талдау және стратегиялық жоспарлау орталығының үйлестірушісі Назигүл Слямболовна Газизоваға берілді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай барысында көтерген өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, идеологиялық саясатты күшейту, шетелде қазақстандық жастар бірлестігін құру, қайырымдылық қорларының жұмысын реттеу сияқты ұсыныстар талқыланғанын жеткізді. Сонымен қатар, ұлттық бірлікті сақтау, тіл саясаты, тарихи тұлғаларға құрмет тақырыптары да назардан тыс қалмағанын айтып өтті.

Пікір алмасу барысында студенттер экономика,  жастарға қолдау көрсету, ғылым мен білімді дамыту, жасанды интеллектінің болашағы сияқты тақырыптарды көтерді. Жастар өз пікірлерін білдіріп, ұлттық бірегейлікті сақтаудың және жаһандық өзгерістерге бейімделудің маңыздылығын атап өтті.

Шара қорытындысында қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған нақты қадамдардың қажеттілігін атап өтіп, пікір алмасудың олар үшін маңызды әрі пайдалы болғанын айтты. Қатысушылар осындай іс-шаралар елдің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын жас ұрпақтың дамуына үлкен ықпал ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/964190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді