Есірткі қылмысына қарсы бірлескен іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27 наурызда Ақтөбе облысының полиция департаментінде Үкіметтік емес ұйымдармен, жұршылықпен есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі өңірлік кеңестің (әрі қарай – Кеңес) алғашқы отырысы өтті.
Отырысқа Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов төрағалық етті.
Өзекті кездесу барысында өңірдегі қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар, балалар ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар, спортшылар, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділерінен тұратын кеңес мүшелері есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу, әсіресе жастар арасында қоғам кеселінің алдын алу мәселерін жан-жақты талқылады.
Департамент басшысы Абай Жусупов «Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, есірткіге қарсы күрес – бұл ұлт генофондының мәселесі. Барлық қоғам болып бірлескен кешенді іс-қимыл «Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң сақталуына ықпал етеді», – дей отырып, қазіргі қоғамдағы есіткі саласындағы құқық бұзушылықтарының жай-күйі мен өткен жылдағы есірткі қылмыстарының статистикасына тоқталды.
Қатысушылар әрқайсысы өз сөздерінде есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қоғаммен жұмыла іс-қимыл жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, алдағы кезеңге бірлесіп атқаратын міндеттерді талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/965694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді