ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Тұрғындар тілегі басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімінің кезекті кездесуі Жалғызтөбе ауылдық округінде болып өтті. Онда аудан басшысы өткен жылғы көрсеткіштер мен алдағы жылғы межелерге қысқаша тоқталып, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер бойынша ойларын ортаға салуға шақырды.

Ауыл тұрғындары да жеке бастың қамы емес көпке ортақ түйткілді мәселелерді қозғап, ұсыныс-өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, Аққия ауылында бой көтеріп жатқан жаңа мектеп құрылысы, ескі мектепті балабақша есебінде пайдалануға беру, Аққия-Төрткөл арасындағы автожолды жөндеу, жайылым жетіспеушілігі, интернет желісінің нашарлығы, оқушылар тасымалдау, ағын су жеткізуде туындайтын кедергілер, Жетібай ауылындағы пошта ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық дәрігерлік амбулатория алдына автотұрақ жасау, жедел жәрдем көлігінің ескіруі, орталық Төле би көшесі бойына сергек бақылау жүйесін орнату, тротуар салу сынды өзекті мәселелер айтылды. Көтерілген әрбір мәселеге қатысты аудан әкімі, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімі нақты жауаптар қайтарды. Кейбір өтініштер бойынша зерделеніп барып, жауап берілетіні айтылса, кейбірін аудан әкімі өз бақылауына алатынын жеткізді. Бұдан соң аудан басшысы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Ондағы көтерілген мәселелерге байланысты заң аясында түсініктер беріліп, кейбір өтініштің орындалуын бақылауға алуды ауыл әкіміне тапсырды. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/965117?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді