
2025 жылдың 27 наурызында мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІ сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ә.Оразғалиев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, кент және округ әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілі қатысты.
Ұсынылған мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тыңдалды.
Сессияның күн тәртібінде Елтай ауылдық округінің әкімі Д.Сариевтың Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес «Елтай ауылдық округі әкімінің 2024 жылы атқарған есебі», аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Абдировтың «Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2024 жылғы атқарған жұмыстары және көктемгі егіс науқанына дайындығы туралы» баяндамалары және тағыда басқа хабарламалар қаралып, тыңдалды.
Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылап, хабарламашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/964257?lang=kk

Жауап қалдыру