
KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады
2025 жылғы 27 наурыз, Астана – KazAID кеңсесінде Кавказ бен Орталық Азиядағы шегірткеге қарсы күрес бағдарламасы бойынша өңірлік миссия шеңберінде келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшыларымен кездесу өтті.
Талқылау барысында өзекті сын-қатерлер, шегірткеге қарсы күрестің басым қажеттіліктері, сондай-ақ хабардарлықты арттыру және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.
KazAID азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.
Кездесу ФАО-ның Қазақстаннан, Римнен және өңірлік кеңседен келген жетекші мамандарының қатысуымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/964751?lang=kk

Жауап қалдыру