Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шалқар ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жедел шаралар жалғасуда. Аудандық жедел штабтың үйлестіруімен тәулік бойғы жұмыстар жүргізіліп, барлық жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауында.

Бүгінгі күні Шалқар қаласы бойынша 11 техника мен 55 маман су тасқынының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін 3100 м³ су айдалып, 6800 м³ қар шығарылды.

Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қосымша күштер қажет болған жағдайда тартылатын болады. Аудан тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және барлық жағдайларға түсіністікпен қарауды сұраймыз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/966272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді