
27 наурызда Абай облысының Әділет департаментінде «Лауазымды тұлғалар жасайтын нотариаттық әрекеттер» тақырыбында семинар сәтті өтті.
Семинар барысында нотариустар болмаған елді мекендерде лауазымды тұлғалар жасайтын нотариаттық әрекеттердің түрлері жан-жақты қаралды. Қатысушыларға өсиеттерді, сенімхаттарды және басқа да нотариаттық әрекеттер бойынша толық түсіндірме берілді.
Семинарға Абай облысының Нотариаттық округінің тәжірибелі нотариустары Гулнур Шаймарданова және Айнұр Атымтай қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/965836?lang=kk

Жауап қалдыру