
2025 жылдың 28 наурызында Ақтөбе облысы бойынша адам құқықтары басқармасының өкілі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Күн тәртібінде ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектігі бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелердегі балалардың құқықтарын қорғауға қатысты маңызды мәселелер, сондай-ақ «Аяла» өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тұрды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі балаларға арналған «№3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», «Яйсан арнайы білім беру ұйымы», «№7 арнайы (тұзету) мектебі», «Аяла» балаларды қолдау орталығы сияқты мамандандырылған мекемелерде тамақтану нормаларының сақталуын тексеру, гигиена құралдарымен және таза ауыз сумен қамтамасыз етілуіне жасалған тексеру қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы болды.
Екінші мәселе Ақтөбе қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы №2-03-25-00145 ұсынысына сәйкес «Аяла» балаларды қолдау орталығындағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында анықталған бұзушылықтарды жою шеңберінде жүргізілген іс-шараларға қатысты болды.
Аталған мәселелер бойынша баяндамаларды білім басқармасының және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері ұсынды.
Өкіл өз кезегінде балаларға арналған мекемелерде ұдайы жүргізіп отырған мониторингінің қорытындыларын атап көрсетіп, орындалмаған ұсынымдарға тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша өкіл Ақтөбе облысы бойынша «Аяла» мекемесінің психолог мамандары қиын жағдайға душар болған балалармен жасайтын негізгі жұмысына қосымша жүктеме ретінде жүзеге асырып отырған «Бала асырап алушы ата-аналар мектебінің» жұмысына зерделеу жүргізуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/965002?lang=kk

Жауап қалдыру