
Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жұмыс отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ш. Шаменов, облыс әкімі Н. Қилыбай, құқық қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Ведомствоаралық комиссия отырысында спортты қаржыландыру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Талдаумен қамтылған мерзім ішінде, яғни 2018-2023 жылдар аралығында спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында көрсетілген мерзім ішінде спорт саласын дамыту үшін 46,5 млрд. теңге бөлінген.
Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорт саласында негізсіз ақша қаражатын аудару, мемлекеттің тарапынан көрсетілетін қолдауларды дұрыс пайдаланбау, жаттықтырушылардың жалған диплом пайдалануы секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алды.
Талдау қорытындысы бойынша спортты дамыту басымдықтарын қайта қарау, бұқаралық және балалар спортына бюджетті ұлғайту, қаржыландыруды орталықтандыру, өз инфрақұрылымын және балалар академияларын дамыту, сондай-ақ цифрландыруды енгізу бойынша ұсынымдар енгізілді.
Ал, әлеуметтік қамсыздандыру саласында атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік гранттар және жеке көмекшілердің көмек көрсету мәселелерінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталғаны айтылды.
Аталған салада 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша 11 ұсыным енгізілген.
Мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялау және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу арқылы бақылау тетіктерін күшейту ұсынылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау жүргізудегі басты міндет – бюджет қаражатын пайдаланудағы ашықтықты және халықтың осал топтарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады» – деді өз баяндамасында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Али Абдулов.
Облыс әкімі спортты қаржыландыру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында жемқорлықты азайту және тиісті жұмыстарды жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтіп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/965395?lang=kk

Жауап қалдыру