Мектепте білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқушыларды түрлі ғылыми-шығармашылық байқауларға қатысуға дайындау, дарынды балалармен жұмыс жасау барысында № 7 мектеп базасында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамытуорталығы «Шығармашылық әлеуетті дамытудың тиімділігі» атты қалалық семинар өткізді. Оқушыларды республикалық ғылыми-шығармашылық байқауларға дайындауды жүзеге асыратын 31 мектептің 50-ден астам педагогі қатысты.

Семинарда орталықтың әдіскері Айгүл Шакенова «Қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша байқауларға қатысуы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында сөз сөйлеп, оқушылардың олимпиадаларға, байқауларға қатысуына талдамалық шолу жасады. Секциялар бойынша жұмыста қатысушылар сахналық бағыт, эссе жазу, жас ақындарды даярлау туралы сұрақтарымен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде спикерлер ретінде Торайғыров университеттің постдокторанты Әйгерім Ташекова, Торайғыров университеттің студенті, «Менің кумирім – Сүйінбай» халықаралық студенттік айтыстың гран-при иегері Бексұлтан Қайдаров, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актері Нұркен Тұрлыбек сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сұрақтары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/964344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді