
20.03.2025
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атыраау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Нашақорлыққа және есірткіге қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб отырсына қатысты.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалымен өткен отырыста бірінші білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алды алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері бойынша Атырау облыстық білім басқармасы мен Атырау облысы Полиция департменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібінің екінші мәселесімен нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан іс-шаралардың тиімділігі жайлы Исатай, Махамбет және Қызылқоға аудандары әкімдерінің ақпараттары тыңдалды.
Қарастырылған мәселелер бойынша отырыс соңында Штаб негізінен жалпы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін талдап, жұмыс барысында анықталған кемшіліктерді жою, мектептерде психологиялық қызметтің жұмысын күшейту, тәуекел тобындағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізу керектігі туралы шешім қабылдап, сонымен бірге берілген тапсырмалардың орындалу мерзімдерін белгілеп берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/965455?lang=kk

Жауап қалдыру