Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 наурызда Айытау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас маманы Л.Ф. Биксандаева ауылдық округтер әкімі аппараттарының, бөлімдердің мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарымен кеңес өткізді. Кеңес барысында цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қаралды.

Келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер беріліп, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді, бизнес-процестерді және жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/966121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді