Мереке күні Аралда 6 сәби дүниеге келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесінде Арал ауданында 6 сəби дүние есігін ашты. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев және Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов аудандық перзентханаға барып, жаңа туған сәбилердің аналарын мерекемен құттықтады.

Мерекеде қуанышқа кенелген жас аналарға аудан әкімінің құттықтауы мен сый-сияпат табыс етті. Сонымен бірге, дүниеге есігін ашқан 3 ұл және 3 қыз баланың денсаулығы мықты боп, еліміздің мақтанышы боп өсуіне тілектестіктерін білдірді.

Өз кезегінде жаңа босанған аналар да көрсетілген құрметке  ризашылықтарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді