
Облыс орталығында дәстүрлі «Өскемен Аруы» байқауының финалы өтті. Жарыс Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
«Өскемен Аруы» қатысушылардың таланты мен білімін танытуды, шығармашылық қырымен танысуды мақсат етеді. Сондай-ақ бұл шара ұлттық дәстүр мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған.
Биыл байқауға Өскемен мен облыс аудандарынан 80-ге жуық бойжеткен өтініш қалдырған. Финалға өткен арулар бірнеше кезеңнен сынға түсіп, олардың сұлулығы ғана емес, ақылы, креативті ойлау қабілеті, көпшілік алдында өзін ұстау мәнері және қазақ мәдениетін білу деңгейі бағаланды.
Байқау нәтижесінде Зинаида Бектемирова жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бас жүлде иегеріне 1 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталды. Ал жүлдегерлерге демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар мен 100 мың теңгелік сертификаттар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965815?lang=kk

Жауап қалдыру