
«Пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарыныңсақталуы – мемлекеттің құқықтық жетілуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Біздің талдауымыз көрсеткендей, көптеген ТМД елдері осы бағытта айтарлықтай қадамдар жасауда. Қазақстан да өз жүйесін белсенді түрде реформалауда және бұл өзгерістердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі маңызды» – деді Уәкіл талқылау барысында.
Құқықтықағарту жөніндегі жұмысқа түсініктеме бере отырып, А. Ластаев мынаны атап өтті:
«Адам құқықтары мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру – әділ қоғам құрудың негізі. Біз заңдарды жетілдіріп қана қоймай, оларды әрбір азамат үшін түсінікті әріқолжетімді етуге тиіспіз. Бұл жерде білім беру бағдарламалары мен ақпараттық науқандар ерекше рөл атқарады».
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдарды әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/966360?lang=kk

Жауап қалдыру