
“Заң және тәртіп” қағидатын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде Павлодароблысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Әділет департаментімен және облыстың жастар бастамалары орталығымен бірлесіп жастармен кездесу өткізді.
Іс-шара заңдарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға, жастар арасында тәртіп пен жауапты мінез-құлықты түсінуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылар арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға 30 оқушы қатысты.
Студенттер сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ақпаратты және осы құбылысқа қарсы тұру бойынша кеңестерді қамтитын үлестірме материалдар алды. Іс-шара бірлік атмосферасында өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, толық жауаптар алуға мүмкіндік алды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Тәртіпті_өзімізден_бастайық
#Жастар_біздің_болашақ
#Парасаттылықсағаты
#Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/965943?lang=kk

Жауап қалдыру