Қаражал қаласында 40 отбасы Наурыз мейрамында жаңа баспаналы болды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаражал қаласында 40 отбасы Наурыз мейрамында жаңа баспаналы болды! Наурыз – бұл жаңару, бірлік пен игіліктің мерекесі. Осы айтулы күні 40 отбасы жаңа пәтерге ие болды! 25-орамдағы 15-үйден тұрғындарға салтанатты түрде жаңа пәтер кілттері табысталды. Аталған тұрғын үй мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында қайта жөндеуден өткен алғашқы жоба. Бұл бастама қала инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Қала әкімі Айқын Елеусізов жаңа қоныс иелерін құттықтап, қоныстарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа үйлеріңіз құтты болып, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/966355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді