«Құқықтану», «Юриспруденция» мамандықтары бойынша студенттер арасында сабақ өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 18 наурызында Маңғыстау облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен Заң және Тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында «Қайнар» колледжінде «Құқықтану», «Юриспруденция» мамандықтары бойынша студенттер арасында сабақ өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты жастардың құқықтық мәдениеті мен санасын, сондай-ақ құқықтықтану саласында білім деңгейлерін арттыру болып табылады.

 

Сабақта нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Б.Тасбулатов «Адам құқықтары және міндеті», «Нормашығармашылық саласында әділет органдарының рөлі!» тақырыптарында баяндама жасады.

 

ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Маңғыстау облысы бойынша филиалының бас маманы К.А.Коджиков Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметін, «Заң» деректер қорының сервистік мүмкіндіктері мен техникалық ерекшеліктерін, сонымен қатар деректер қорын пайдалану тетіктерін толықтай түсіндірді.

 

Студенттермен қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/966597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді