Салық түсімдерінің орындалуы басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы аптада аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен салық мәселелері талқыланған жиын өтті.

Күн тәртібінде 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткендігі жөнінде, аудандағы салық базасын ұлғайту, бюджеттің игерілуі және «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралды.

Жиын барысында 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бойынша Арал ауданының Статистика бөлімінің басшымы Е.Қапанов, аудандық аудан бойынша салық түсімдерінің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов хабарлама жасады.

Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев «Ауыл аманаты» жобасын нәтижелі іске асыру үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңдеу саласын дамыту бағытындағы жобаларды ұсынуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, шағын өндірістерге басым бағыт берілуін қамтамасыз етуді алға тартты. Сондай-ақ бағдарламаға сәйкес 2025 жылға берген бөлініс бойынша қала, кент және ауылдық округ жобаларын дайындауды, кәсіпкерлердің платформаға салынатын құжаттарын толық қадағалауды нақтылады.

Жиын соңында жауапты бөлім басшыларына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне мәжілісте қаралған мәселелерді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/965164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді