
Сандықтау ауданының әкімі жеке кәсіпкер А.С. Қарабұлатовамен кездесу өткізіп, ауданға инвестиция тарту жоспарлары талқыланды. «Лесная поляна» лагерін қалпына келтіру және жаңғырту жобасына ерекше назар аударылды. Алла Қарабұлатова лагерь базасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге және туристік инфрақұрылымды құруға, оны одан әрі дамыту және туристерді тарту мақсатында қаражат салуға ниет білдірді. Бұл жобаны іске асыру ауданның инфрақұрылымын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар өңірдің туристік жағдайына қосымша назар аударуға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/966019?lang=kk

Жауап қалдыру