Шорт-тректен халықаралық жарыстардың жүлдегерлерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          2025 жылдың 31 наурызында Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы осы маусымда шорт-тректен жоғары нәтиже көрсеткен спортшылармен кездесу өткізді. Кездесуге Қостанай облысының шорт-тректен аға жаттықтырушысы Николай Николаевич те қатысты. Қостанай облысының атынан халықаралық жарыстарға қатысқан спортшылар өздерінің жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы баяндап берді.
         
Полина Омельчук пен Анастасия Галечина Калгари қаласында (Канада) жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан Республикасы құрамасының құрамына кірген жас спортшылардың қатарында. Эстафетада 3000 метр қашықтықта 2-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, Анастасия Галечина 2000 метрлік Mixэстафетасында қола жүлдеге ие болды.
           Шорт-трек бойынша IX Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және Миландағы әлем Кубогының қола жүлдегері Глеб Ивченкоға ерекше назар аударылды. Оның басты мақсаты – алдағы жарыстарда табысты өнер көрсету.
           Спортшылар маусымнан кейін дене бітімдерін қалпына келтіру үшін Артомед орталығында оңалту шараларын өткізе алады. Шорт-трекшілерді қажетті құрал-жабдықтарменжәне дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жайттары қарастырылып, басқармадан үлкен қолдау көрсетіледі.
            Кездесу барысында жоғары дәрежелі спортшылардың жәрдемақы алу мүмкіндігі, мансапты одан әрі дамыту және жаңа жетістіктерге дайындық мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/966645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді