
ШҚО ТЖД мен «Қазцинк» ЖШС мамандары бірлесіп кезекті анимациялық фильм түсірді. Бұған дейін «Айя мен Тентек» кейіпкерлері қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер және жазғы су айдындарындағы сақтық шаралары туралы айтып берген еді.
Мультфильмнің сценарийі балалардың қауіпсіздік сабақтарын оңай меңгеруі үшін арнайы әзірленген. Бас кейіпкерлердің мысалында балалар өртке әкелуі мүмкін қателіктерден аулақ болуды үйренеді.
Мультфильмнің жаңа сериясы облыс орталығындағы кинотеатрлардың бірінде көрсетілді. Алғашқы көрермендер «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.
Көрсетілімнен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, құтқарушылар өткізген өрттің алдын алу бойынша дәрісті тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/966176?lang=kk

Жауап қалдыру