Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Мектептерде бухгалтерлік есепті цифрландыру, мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік жүйені енгізу мәселелері бойынша бейінді мемлекеттік органның атқарған жұмыстарының қорытындылары, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер мониторингінің нәтижелері қаралды.

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қ.Сүлейменов І-тоқсанда Департаментпен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуларға бөлінген 4 млрд теңгеге жуық қаржының ұтымсыз пайдаланылуына жол берілмей, мемлекеттік кадастр жүйесінде қаладағы су қорғау аймақтарының шекаралары белгіленгенін атап өтті.

Орта білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындысы бойынша артық төлемдер мүмкіндігін шектеу үшін бухгалтерлік жүйелерді цифрландыру бойынша түрлі модульдер әзірленгені айтылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме мәртебесін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ауыстырған, қазынашылық сүйемелдеусіз екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражат төлеу мүмкіндігін алған өңірдің 15 мектебінде автоматтандырылған бақылау тетіктерін енгізу мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, жиында «Ұзақ құрылыстар» мәселесіне, оның ішінде құрылыс мерзімдерінің ұзаққа созылу себептеріне және оларды ағымдағы жылы аяқтауға болатын қадамдарға, сонымен қатар квазимемлекеттік секторлардағы комплаенс-қызметінің жұмысына ерекше назар аударылды.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/965437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді