
Жалпықалалық сенбілікке қатысу солтүстікқазақстандық полицейлер үшін жақсы дәстүрге айналды. Биылғы алғашқы көктемгі сенбілікке әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлері – жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер, облыстық және қалалық ведомстволардың басқа да қызметтері белсенді қатысты. Кезекшілік мен жасақтарға жұмылдырылмаған қызметкерлер әкімшілік ғимараттардың аумағын ретке келтіре отырып, ашық аспан астында бірнеше сағат бойы жұмыс істеді.
Тырнауыштар, сыпырғыштар, күректер және қоқыс шығаратын үш жүк көлігі – жалпы қызметкерлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеді. Полиция департаментінің, қалалық полиция басқармасының, бірінші және екінші полиция бөлімдерінің, сондай-ақ басқа да бөліністердің айналасындағы учаскелер тазартылып, әктелді. 13 аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері де бастаманы белсенді қолдап, ғимараттардың маңын ретке келтірді.
Мұндай іс-шаралар қаланы тазартып қана қоймай, қызметкерлердің еңбек пен қоршаған ортаға құрметпен қарауын қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/965488?lang=kk

Жауап қалдыру