
2025 жылдың 28 наурызында аудан әкімі А. Бектасовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.
Отырыс барысында мәселелер қаралды:
- Троицк ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді бақылау бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/965349?lang=kk

Жауап қалдыру