«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды.   

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында құрылған мобильді топ құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус және үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құрылған.

  Қоғамдық қабылдауға келген 20-ға жуық қала тұрғыны мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Қабылдау барысында жер телімін алу, үй кезегіне тұру, тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдаулар салаларына қатысты сауалдарын көтерді. Барлық сұрақтарға мобильді топ тарапынан заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңгерлік көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді