
Департаментпен өңірдегі проблемалық нысандар құрылысына превентивтік сүйемелдеу жүргізілуде. Облыстық әкімдікпен бірлескен жұмыс барысында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы әлеуметтік маңызды нысан болып табылатын дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Осылайша, Бесарық ауылының 140 астам балалары жаңа спорт кешенінде 7 әртүрлі спорт үйірмелерінде (жеңіл атлетика, қол добы, футбол, баскетбол және волейбол) шұғылдануға және бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік алды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Нәтижесінде, ауылдың 300 астам балалары жаңа спорт кешенінде жаттығу залдарын пайдалануға және бокс, таэквондо үйірмелерінде білім алуға, спорттық шаралар өткізуге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы айда Жалағаш кентіндегі дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Осы орайда, спорт кешенінде 5 спорттық секция ашылып, 270 бала әртүрлі спорттық үйірмелерде (баскетбол, волейбол, футбол, қол добы және жеңіл атлетика) білім алатын болады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/964329?lang=kk

Жауап қалдыру