«Тәртіпті өзіңнен баста»: Дулати университетінің студенттерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында М.Х.Дулати университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін түсіндіру, құқықтық сана-сезімді дамыту және жастарды қоғамдағы адалдық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға белсенді қатысуға тарту.

Кездесуге қатысқан департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров адалдық, парасаттылық және әділдік туралы айтып, жастарды сапалы білім алудың маңызды тұстарына кеңінен тоқталып өтті. Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға мазмұнды жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді