«Таза Қазақстан»: Алматы облысында экологиялық акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның тапсырмасы бойынша, Жол картасын іске асыру аясында облыстың кәсіпкерлері , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты.

Облыстың бірқатар кәсіпорындары табиғатқа жанашырлық танытып, игі іске қадам басты. Қала мен табиғаттың арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында олар 1205 түп ағаш отырғызып, 50 тонна қоқыс шығарылды.

Атап айтсақ, Алатау қаласында орналасқан «ПепсиКо» ЖШС 870 түп ағаш, Қонаев қаласында “Юнипак-Шымкент” ЖШС 30 түп ағаш отырғызды. Бұл іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы да өз үлесін қосты. Әрбір ағаш отырғызу — болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдырудың белгісі.

Бұл шара жергілікті тұрғындардың экологиялық сана-сезімін көтеріп, жасыл желекпен қоршалған қалаға деген сүйіспеншілігін арттырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/964859?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді