
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.
Ауданда ауылдық елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ “Таза Қазақстан” республикалық екі айлық экологиялық акциясын өткізу мәселелері талқыланды.
Жиын барысында ауылдық округ әкімдеріне тазалық және абаттандыру жұмыстарын күшейту, қоқыс үйінділерін жою, сенбіліктер ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, экологиялық акция аясында көгалдандыру мен санитарлық тазарту шараларын белсенді жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
Жауапты мекемелерге белгіленген жұмыстарды уақытылы орындау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/964944?lang=kk

Жауап қалдыру