
2025 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Жастар саясаты мәселелері басқармасының,Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары және өңір жастары да қатысып, елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Бұл іс-шараға облыс бойынша 1551-ге жуық жас қатысқанын атап өткен жөн.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.
Сенбіліктер мен экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қала экологиясын жақсартуға өз үлесін қосады. Бірлесе отырып, қаламызды таза әрі көрікті етуге атсалысайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/966343?lang=kk

Жауап қалдыру