
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырмасымен әуежай тас жолынан бастап қала аумағындағы жолдарда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.
Бүгін, коммуналдық сала қызметкерлері шөп жұлу, жарық бағаналарының жарық шамдарын ауыстыру және жуу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдарына тас төсеу жұмыстары атқарылды.
“Аталған жұмыстар күшейтілген режимде күнделікті жалғасатын болады”, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/964499?lang=kk

Жауап қалдыру