
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін аудандық 7 Сатпаев сайлау округі бойынша мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиеваның төраймдылығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXХI-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелері қаралды.
1-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова «БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндап өтті.
Баяндамашы 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің өзгеруінің 1-ші нақтылауын қарауға ұсынды. Республиқалық бюджеттен трансферттер ұлғайтылды, оның ішінде сәулет және қала құрылыс бөілімінің бюджеті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайын сатып алуға және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлуге бірнеше жобаларға баса назар аударылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзгерістер енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева баяндады.
5-ші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің есебін бөлім басшысы Д.Ғазез ұсынды.
Келесі мәселе Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек корсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімнің басшысы Б.Кентугаеваның шешім жобасы тыңдалды. Жобаға сәйкес, Ұлы Отан соғысы қатысушысының, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 9 Мамыр күніне орай төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері 30 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін ұйғайтылғаны хабарланды.
7-ші мәселе бойынша, аудандық полиция бөлімінің 2024 жылғы және 2025 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы есебін Тасқала аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция полковнигі Е.Есентаев баяндады.
Комиссия отырысында баяндамашы ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудандық және ауылдық жерлерде бейнекамералар орнату, жануарлар өтетін жерлерге билбордтар мен макеттер орналастыру және басқа да қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін ұсыныстарын білдірді.
8-ші мәселе бойынша, Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебін аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Губашева баяндады.
9-ші мәселе Тасқала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы №26-4 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы» аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Мирамбаевтың шешім жобасы тыңдалды.
Сонымен қатар Тасқала аудандық мәслихатының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» 2019 жылғы 29 қазандағы №40-6 шешімінің күшін жою туралы аудандық мәслихат аппараты басшысының м.а. Д.Махашеваның шешім жобасы тыңдалды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы Л.Жұбанышқалиева ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/taskala-maslihat/press/news/details/966128?lang=kk

Жауап қалдыру