ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әрбір ауданда азаматтарға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, компьютермен жабдықталған, интернетке қосылған “ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ” жұмыс істейді. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма аралығы, сағат 9:00-18:30.

✅Шымкент қаласында құқық кабинеттері аудан әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан және кестеге сай адвокаттар халыққа тегін заң көмегін көрсетеді.

🖇️ кесте:

Еңбекші ауданы әр айдың
1-ші бейсенбісі 10:00-12:00

Тұран ауданы әр айдың
2-ші бейсенбісі 10:00-12:00

Әл-Фараби ауданы әр айдың
3-ші бейсенбісі 10:00-12:00

Абай ауданы әр айдың
3-ші сейсенбісі 10:00-12:00

Қаратау ауданы әр айдың
4-ші бейсенбісі 10:00-12:00

📍 Мекен-жайлары:

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты (Толстой көшесі, №119);

Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты (Байтұлы баба көшесі 12А);

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты (Тыныбаев көшесі, №49);

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты (Тәуке хан даңғылы, №3 «А»);

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты (Бәйдібек би даңғылы, № 60)
мекен-жайларында орналасқан.

✅06.03.2025 жылы Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Б.Д.Жұмаев Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында тегін заң көмегін көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/965081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді