ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА
✔️ Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Райымбеков Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
✔️ Кездесуге Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
✔️ Жиында облыс мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков Ордабасы ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
✔️ Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде
тұрғындар тарапынан аудан аумағындағы жол мәселесі, көше жарығы, ауыз су және ағын су жүйелері, табиғи газбен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңшаларын салу, инфрақұрылымды дамыту, каналдарды тазалау, тік дренаждарды қалпына келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және реттеу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір ауылдық округтен келген тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
✔️ Депутаттар облыстық деңгейдегі бірқатар проблемалардың шешілуіне ықпал ету мақсатында, жауапты атқарушы органдардың қарауына жолдау үшін тиісті сауалдар әзірленетінін айтты. Сонымен қатар, мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында көтеріп, сессияға ұсынылатынын жеткізді.
✔️ Түркістан облыстық мәслихаты өңір тұрғындармен ашық диалог орнату, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру бағытында өз жұмысын жалғастыруда.
✔️ Ордабасы ауданында да азаматтардың талап-тілегі бойынша жергілікті әкімдікке тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/965060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді