
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықты іске асыру барысында #Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз», Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Жарық станциясының «Integra Construction KZ» ЖШС-нің қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыра отырып, семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың заманауи талаптары мен ерекшеліктерін ескере отырып, ересектерде туберкулездің алдын алуды ұйымдастыруды жетілдіру. Осылайша, семинарды өткізу барысында клиника, емдеу, диагностика, туберкулезді ерте анықтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, басқарма мамандары «Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен белгілері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мерзімді міндетті медициналық тексеруден өту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушылармен алған білімдерінің нәтижелері бойынша пікір алмасылды, жадынамалар, лифлеттер таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966182?lang=kk

Жауап қалдыру