Ұлытау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Ағымдағы жылдың 27 наурызында Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, оған Ұлытау облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы және барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

      Отырыс барысында Департамент басшысы Ерлан Жолдыбаев «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

      Өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасына енгізілген салаларды талдау мен мониторингке ерекше назар аударылды. Оның ішінде шарттық міндеттемелерді жалған орындаумен және қосымша келісімдермен айла-шарғы жасаумен байланысты тәуекелдер анықталған ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуға арналған бюджетті пайдалану мониторингінің нәтижелері.

     Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы бүкіл ел бойынша спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды және бірнеше рет балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауға баса назар аударды.

     Спорт басқармасымен бірлескен мониторинг балалардың спорттық дамуына кедергі келтіретін нақты проблемаларды анықтады. Осы саладағы бюджеттің жұмсалуын бақылау жалғасатын болады.

     Сондай-ақ туризм және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы сыртқы талдаулардың, проблемалық мердігерлердің, жеткізушілердің және өңірдің құрылыс объектілерінің мониторингі нәтижелері айтылды.

     Сонымен қатар, отырыста Ауыл шаруашылығы, Цифрлық технологиялар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының, сондай-ақ аудан әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыс мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.

     Іс-шара соңында Ерлан Жолдыбаев мемлекеттік органдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға шақырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілетті орган ретінде «Заң және тәртіп» қағидаттарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыратынын атап өтті.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/965333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді