«Заң және тәртіп»: Әділет департаментінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаменті ұжымы үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексі нормаларын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция Басқармасының бас маманы А.Болат, Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы И.Бакишева, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы А.Жарылқасынов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева қатысты.

  Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы нығайту мақсатында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары  туралы айтылды.

  Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/966399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді