
“Заң және тәртіп” қағидатын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Уркен Алшынбаевтың қатысуымен облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі аясында “Заң және тәртіп” қағидатын түсіндіруге арналды. Іс-шараныңнегізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыру болды.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Береке Қожабергенов әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында заңдылық пен адалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті, Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске хабардарлығы мен тартылуын арттыру жолдарын түсіндірді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Тәртіпті_өзімізден_бастайық
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/964424?lang=kk

Жауап қалдыру