
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Тараз қаласы әкімідігінің спорт бөліміне қарасты мекемелердің мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан департамент басшылығы спорт саласына жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары, осы салада кездесетін жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттер туралы баяндап өтті.
Тұжырымдаға сәйкес кез келген білім беру ұйымдары, оның ішінде спорт бағытында білім беретін мекемелердің басты мақсаты – жемқорлық көріністеріне жол бермеу, бюджет қаражатын тиімді игеру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптасқан, жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстайтын жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылатыны жеткізілді.
Кездесу соңында спорт саласының қызметкерлері бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966422?lang=kk

Жауап қалдыру