Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Тараз қаласы әкімдігі заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заңдылық пен тәртіп қағидаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жұмыс кездесуін өткізді. Оған департаменттің превенция басқармасының бас маманы А.Ажибаев пен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі аппаратының басшылық құрамы мен әкімдікке қарасты мекемелердің өкілдері қатысты. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы және мемлекеттік басқару жүйесінде құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін қарастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің заңдылық қағидаттарын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру. А.Ажибаев әрбір мемлекеттік қызметші адал қызмет атқарып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтауы қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың нақты шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын арттыру және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үдерісіне белсенді қатысуы талқыланды.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді