Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2025 жылғы 19 наурызында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Ш. Әбілдинованың төрағалығымен  Павлодар облысының жақында ғана мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан жас мамандармен кездесу өтті. Дина Шаймұратқызы қазіргі кездегі шектеулер мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау туралы айтты. Одан кейін сөз кезегі дін істері басқармасының басшысы Б.М. Қаппасовқа берілді, ол жас мемлекеттік қызметшілердің назарын ақпараттық қауіпсіздікке аударды, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әлеуметтік желілердегі репосттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сот шешімімен тыйым салынған террористік ұйымдар туралы айтты. Оларға «Зайырлылық және дін» және «Қылмыстық жауапкершілік» атты қысқаша бейнероликтер көрсетілді. Жиынға барлығы 20 мемлекеттік қызмет мамандары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/964642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді