Жастармен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 18 наурызында «Заң және тәртіп» медиажоспары аясында Павлодар облыстық Әділет департаменті мен Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері Павлодар облысы Мичурин ауылының мектептебінде оқушылармен кездесу өткізді.
Оған Павлодар облыстық Әділет департаментінің бас маманы Ернұр Қожамжаров, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әлия Есімханова қатысты.
Кездесу барысында жастарға құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділік пен әлімжеттік, киберқылмыс, буллинг бойынша ақпарат берілді. Осы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да маңызды. Жалпы шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру. Мектеп оқушылары кездесу кезінде спикерлерге сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/964378?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді